«Менеджмент» кафедрасының бітіруші түлектері кәсіби сертификаттаудан өтті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6В04103 - Мемлекттік және жергілікті басқару» және «6В04101 - Менеджмент» БББ 4 курс білім алушылары Кошкулова Асем, Азимбай Али, Тоялықызы Айша, Мырзахмет Жұлдыз, Ысқақова Амина, Бериков Дастан, Ералы Бекзат, Адуын Бақбол, Абызбаева Ақниет, Ағабек Алина, Беркін Дидар, Жумагулова Лана, Омарова Асем, Мұстапа Аружан, Сапарбек Жанерке, Тоқтарбек Орынбасар, Оспанқызы Лаура «Жоба әкімшісі» тақырыбында оқыту бағдарламасынан өтті. Білім алушыларымыз жобаларды басқарудың әртүрлі әдіс-тәсілдері, қарым-қатынас, көшбасшылық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру, дағдарыс кезіндегі басқару сияқты өзекті тақырыптар бойынша білімдер үйренді. Жобаларды басқару кезінде білім мен дағдыларды ұстанып, тиімді қарым-қатынас жасау арқылы мәселелерді шешу стратегияларын өзгерістерді басқару тәсілдері туралы ақпарат алды. Білім алушылар арнайы тест тапсырып, оқу соңында бағдарламаны сәтті аяқтап, сертификаттармен марапатталды.