«Менеджмент» кафедрасының білім алушыларына "Қырғыз Республикасында экспорттық бақылау жүйесін дамыту" тақырыбында қонақ дәріс өтті
2024 жылдың 19 сәуірінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ "Менеджмент" кафедрасында 517 дәрісханада Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті, А. А. Асанова атындағы «Менеджмент және бизнес институтының» директоры, э.ғ.к., (PhD), доцент (қауымдастырылған профессор) Керимкулова Меримкуль Кадыровна "Қырғыз Республикасында экспорттық бақылау жүйесін дамыту" тақырыбында қонақ дәрісін оқыды. Қонақ дәрісіне 7М04101-«Менеджмент», 7М04117-«Инновациялық менеджмент» білім беру бағдарламаларының магистранттары, 6В04103- "Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасының білім алушылары, сондай-ақ "Менеджмент" кафедрасының ПОҚ қатысты. Магистранттар мен білім алушылар қарастырылып отырған тақырыпқа қызығушылық танытып, қызықтырған сұрақтарын қойды. Қонақ дәрісі жоғары кәсіби деңгейде өтті.