Қазақстан мен Орталық Азия ғалымдарының бірлесуі
2024 жылдың 22 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде "Орталық Азия елдері мен халықаралық одақтардың су, энергетика, жер және биологиялық ресурстарды басқару саласындағы қолданбалы ноосфералық стратегиялары мен ғылыми жетістіктері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара Халықаралық ғылыми-техникалық кеңестің академик Есимов А.Б. төрағалығымен өткізілді. Жиында Орталық Азия, Қазақстан, Ресейдің көшбасшы ғалымдары мен практиктердің: ҚР Энергетика министрлігінің өкілі мен "Green Capital Development" ЖШС бас директорының қазіргі заманғы су ресурстарының жағдайы мен халықты энергиямен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер бойынша баяндамалары тыңдалды. Дөңгелек үстел жұмысына экономика ғылымдарының докторы, «Менеджмент» кафедрасының профессоры Кирдасинова К.А., 8В04117 «Инновациялық менеджмент» ББ докторантары, 7М04101 «Менеджмент» ББ магистранттары қатысты.