Гульмира Бекманова ЕҰУ-дың Басқарма мүшесі-цифрландыру жөніндегі проректоры – Цифрлық офицері болып тағайындалды
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен Гульмира Тылеубердиевна Бекманова ЕҰУ-дың Басқарма мүшесі-цифрландыру жөніндегі проректоры – Цифрлық офицері лауазымына тағайындалды.
Гульмира Бекманова «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірген. 2006 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратураны бітірген. Техникалық ғылымдар кандидаты, Ph.D доктор, қауымдастырылған профессор. 120-дан астам ғылыми еңбек, 4 оқу құралын, 4 монография, Web of Science деректер базасында 19 мақала, Scopus деректер базасында 40 мақала жариялаған. Индекс Хирша =10.
Еңбек жолын 2004 жылы ШҚМТУ ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған.
2006 жылдан батап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті есептеу техникасы кафедрасының аға оқытушысы, 2010 жылы ЕҰУ есептеу техникасы кафедрасының доценті лауазымына ауыстырылды, 2011 жылы ЕҰУ-дағы информатика және ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының меңгерушісі лауазымына ауыстырылды. 2016 жылдан бастап ЕҰУ-да жасанды интеллект технологиялары кафедрасының профессоры м.а.
2017 жылдан бастап ЕҰУ-да аккредиттеу және рейтинг бөлімінің бастығы, 2019 жылдан – ЕҰУ-да қашықтықтан оқыту технологиялары орталығының басшысы.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ЕҰУ-да Цифрлық даму және қашықтықтан оқыту департаментінің директоры болып табылады.
Гульмира Тылеубердиевнаны жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтаймыз және ЕҰУ-дың Басқарма мүшесі-цифрландыру жөніндегі проректоры-Цифрлық офицер ретіндегі барлық болашақ бастамаларына сәттілік тілейміз.