Ұлытау ауданының 17 мектебі ЕҰУ онлайн-кездесуіне қатысты
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Кәсіптік бағдар беру бөлімі Ұлытау облысы Ұлытау ауданының мектептерімен онлайн-кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білім беру бағдарламалары, ҰБТ өткізу ерекшеліктері, ЖЖОКБҰ-на қабылдаудың үлгілік ережелері, университеттегі оқу-тәрбие процесінің артықшылықтары мен дәстүрлері, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі туралы ақпараттандыру.
Кездесуге Ұлытау облысы Ұлытау ауданынының 17 мектебінен оқушылар қосылды. Алғы сөзімен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Академиялық мәселелер департаменті директорының орынбасары Гульмира Абдимауленқызы онлайн кездесуді ашып берді.
Оқушыларға университеттің жетістіктері, студенттер ұжымы, оқу-зерттер ғимараттары және студенттік жатақханалар туралы, жалпы университет өмірі видеоролик арқылы көрсетілді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Кәсіби бағдар беру бөлімі – қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Лаззат Егеубаева ЖЖОКБҰ-на қабылдаудың үлгілік ережелерін, ҰБТ өткізу ерекшеліктерін презентация көрсету арқылы түсіндіріп өтті.
Презентацияның соңында сұрақ-жауапқа кезек берілді, сұрақ-жауап барысында болашақ талапкерлер оқуға түсу туралы өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды.