
ТДМ Сағаты: Университеттің көміртек ізін есептеу







ЕНУ-де «Тұрақты даму мақсаттары» тақырыбында университеттің көміртегі ізіне арналған ашық талқылау өтті. Ашық талқылау барысында университетіміздің қоршаған ортаға әсерін қарастырып, көміртек ізін азайту жолдарын талқыладық. Мәселені түсіну – алғашқы қадам, ал нақты іс-шаралар мен ұсыныстар бізді тұрақты болашаққа жақындатады.
Іс-шараға осы тақырып бойынша сарапшы - Руслан Муратов, ҚОҚББ кафедрасының оқытушысы қатысып, өз үлесін қосты. Ол ЕҰУ-де парниктік газдар шығарындыларын ISO 14064-1 стандарты бойынша сандық бағалауды жүзеге асыруды бастама ретінде ұсынды. Мұндай жоғары деңгейдегі мамандардың ЕҰУ-де жұмыс істеп жатқаны біз үшін мақтаныш!
- Талқылау барысында біз:
университеттің тұтыну деңгейін талдадық; - шешім жолдарын ұсындық: энергия тиімділігін арттыру, ағаш отырғызу, қалдықтарды басқару, экологиялық таза материалдарға көшу және тағы басқалары;
- экологиялық жауапкершілікті арттыруға арналған нақты ұсыныстар жасадық.
Іс-шараға қаржы, инфрақұрылымды дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаменттерінің өкілдері, магистранттар мен қоршаған орта мәселесіне бейжай қарамайтын барлық жандар қатысты.
Бұл шара Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) жету және университетте экологиялық мәдениетті нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Біз бірге тұрақты болашаққа бет алудамыз!
