
ЕҰУ-дың «Көмек» еріктілер командасы «Хан Қорық» экологиялық жастар фестивалі бағдарламасының жеңімпазы атанды









Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің инклюзивті қолдау орталығының «Көмек» еріктілер командасы «Хан Қорық» экологиялық жастар фестивалі бағдарламасының жеңімпазы атанды. «Көмек» еріктілер командасы «QazaqGeography» РҚБ, Назарбаев Университеті, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымдастырған экологиялық жауапкершіліктің және табиғатты қорғау іс-шараларына белсене қатысып, өздерін жоғары деңгейінде көрсетті. Экологиялық еріктілік бағдарламасының жеңімпазы атанып, бас жүлде ретінде команда 2025 жылғы 11-15 тамыз аралығында Астана - Баянауыл бағыты бойынша өткен «Хан Қорық» республикалық жастар фестиваліне жолдамасын ұтып алды.
«Хан Қорық» фестивалі - Қазақстанның түкпір-түкпірінен ең белсенді еріктілер мен көшбасшыларды біріктіретін ауқымды жастар іс-шарасы. Қатысушылар толыққанды бағдарлама, тәжірибе алмасу, тренингтер, шеберлік сыныптары мен экология және орнықты даму саласындағы сарапшылармен кездесулер өткізілді.
Команда мүшелерінің барлығы бағдарлама мен фестивальге қатысқанын растайтын сертификаттарға ие болды, бұл олардың еріктілік тәжірибесін толықтыратын тамаша жетістік.
«Көмек» командасы бағдарламаны ұйымдастырушыларға сенім мен қолдау үшін алғыс білдіріп, жастар арасында экологиялық құндылықтар мен еріктілікті ілгерілету жөніндегі жұмысын жалғастыра беретін болады.
