
Таза Қазақстан: ЕҰУ студенттері мен оқытушылары сенбілікке шықты
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
11.10.2025 111
«Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясы аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде сенбілік өтіп, студенттер мен оқытушылар құрамы университет аумағын қоқыстан тазартты.
Сенбілікке университеттің барлық факультеттері мен сала қызметкерлері қатысып, бұл шараға ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов та қосылды.
Шара барысында сенбілікке қатысушылар оқу ғимараттары мен іргелес аумақтарды ретке келтірді. Университет ұжымы экология мәселесіне дәстүрлі түрде жіті көңіл бөліп, қала тазалығы мен көріктендіруге бағытталған іс-шараларды жүйелі өткізіп келеді.
Бөлісу:
