
Инклюзивті қолдау орталығында Брайль қарпі бойынша мастер-класс өтті
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
03.12.2025 59







Инклюзивті қолдау орталығы қызметкерлер мен «Көмек» клубының еріктілері үшін «Брайль қарпін оқу және жазу негіздері» атты шеберлік сабағын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: қатысушыларды Брайль шрифінің құрылымымен таныстыру, тактильді оқу дағдыларын дамыту және арнайы жазу құралдарын қолдануды үйрету болды.
Қатысушылар Брайль жүйесі бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды орындап, нүктелік таңбаларды оқу мен жазу дағдыларын жетілдірді, сондай-ақ арнайы құрылғылармен жұмыс істеуді меңгерді.
Іс-шара аяқталған соң қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Инклюзивті қолдау орталығы мұндай бастамалардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Бөлісу:
