
ЕҰУ-да ЭКОАРТ-жобасы «Жүрекпен көру: табиғат саусақ ұшында» көрмесі өтті









ЕҰУ Инклюзивті қолдау орталығы «Менің көзқарасым» қоғамдық бірлестігі және «Тұран-Астана» университетімен бірлесіп Халықаралық мүгедектер күніне арналған іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында инклюзивті бастамаларды дамытуға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға үлес қосқан серіктестер мен белсенділерге алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, көру қабілеті шектеулі қатысушылардың ЭКОАРТ-жобасы «Жүрекпен көру: табиғат саусақ ұшында» аясында жасалған жұмыстарының көрмесі өтті.
Көрмеге келген қонақтар атап өткендей: «Мұндай жұмыстарды сөзбен жеткізу мүмкін емес — оларды өз көзіңмен көріп, жүрекпен сезіну қажет. Әрбір туынды - авторлардың жан жылуына, тереңдігіне және рухани күшіне толы кішкентай ғажайып».
ЭКОАРТ-жоба тактильді өнерді баршаға қолжетімді ету арқылы табиғатты сезінудің жаңа мүмкіндіктерін ашуды жалғастыруда. Жоба инклюзивті тәжірибелерді мәдени-білім беру үдерісіне енгізудің маңызды алаңы болып табылады. Инициатива аясында қатысушылар тек шығармашылық жұмыстар жасап қана қоймай, өз еңбектерін таныстыруды, аудиториямен байланыс орнатуды және шығармашылық коммуникация дағдыларын нығайтуды үйренеді.
Көрме ЕҰУ Инклюзивті қолдау орталығының қолжетімді білім беруді ілгерілету және инклюзивті бастамаларды дамыту жөніндегі жүйелі жұмысының жалғасы болды. Жоба студенттерді, оқытушыларды, қоғамдық ұйымдарды және волонтерлерді біріктіріп, әрбір қатысушы өзінің шығармашылық әлеуетін физикалық шектеулеріне қарамастан аша алатын орта қалыптастырады.
