
ЕҰУ студенттері балаларға арналған қайырымдылық акциясын өткізді







«Гуманитарлық дағдарыс және гуманитарлық интервенция» пәні аясында «6B03102 – Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының ХҚ-41 тобы студенттері «SOS Астана балалар үйі» арналған қайырымдылық жобасын жүзеге асырды.
Іс-шара барысында студенттер балалар үйіне тәттілер мен қажетті заттар апарып, тәрбиеленушілерге қуаныш сыйлады. Сонымен қатар, тұрмыстық жағдайы ауыр, шұғыл көмек қажет болған қарт әжеге дәрі-дәрмек пен азық-түлік өнімдерін жеткізіп, қолдау көрсетті.
Қайырымдылық жобасының мақсаты - қоғамдағы әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету, жастар арасында гуманизм, мейірімділік және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын нығайту, сондай-ақ халықаралық қатынастар мамандығы студенттерінің гуманитарлық дағдарыстар жағдайында әрекет етуге арналған тәжірибелік дағдыларын дамыту.
Бұл бастама студенттердің волонтерлік мәдениетін қалыптастыруға, гуманитарлық интервенцияның бейбіт және әлеуметтік механизмдерін тәжірибе жүзінде меңгеруіне, сондай-ақ жауапты азаматтық позицияны дамытуға ықпал етті.
