
«Денсаулық және сергектік – 2026» спартакиадасы қорытындыланды












Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында дәстүрлі «Денсаулық және сергектік – 2026» атты 41-спартакиада өз мәресіне жетті.
ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов қатысушыларды спартакиаданың сәтті өтуімен құттықтап, спорттық шараның маңыздылығына тоқталды.
«Спартакиада ұжым мүшелерінің денсаулығын нығайтып қана қоймай, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасындағы өзара сыйластық пен бірлікті арттыруға зор үлес қосты. Еуразия ұлттық университеті алдағы уақытта да салауатты өмір салтын насихаттайтын осындай игі бастамаларды жүйелі түрде жалғастыра береді», – деп атап өтті ректор.
Жалпы командалық есеп бойынша:
I орын – Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
II орын – Механика-математика факультеті
III орын – Физика-техникалық ғылымдар институты
«Денсаулық және сергектік – 2026» спартакиадасының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
