
«Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының түлектері өз құзыреттерін растады
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
22.06.2026 34

«Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының 30 түлегі кәсіби сертификаттаудан сәтті өтіп, өздерінің теориялық білімдерімен қатар, қазіргі еңбек нарығында аса қажет кәсіби дағдылардың бірі – техникалық құжаттаманы әзірлеу және рәсімдеу құзыреттілігін растады.
Бұл дағды түлектерімізге әртүрлі салада сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, нормативтік талаптарға сәйкес құжаттарды сауатты әзірлеуге және кәсіби қызметте табысты болуға мүмкіндік береді. Кәсіби сертификаттау олардың біліктілігі мен жоғары кәсіби дайындығының айқын дәлелі болды.
Түлектерімізді құттықтаймыз және оларға кәсіби қызметте үлкен жетістіктер мен жарқын болашақ тілейміз!
Бөлісу:
