
Мәдени мұраны зерттеу жолында: ЕҰУ ғалымдары Таразда далалық зерттеулер жүргізді

«Қазіргі ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы халық шығармашылығының әлеуметтік рөлін зерттеу: рухани мәдениетті өзгерту және қайта құру» ғылыми жобасы аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының қауымдастырылған профессорлары, тарих ғылымдарының кандидаттары, жоба жетекшісі Теңгеш Каленова мен бас ғылыми қызметкер Гаухар Абдрахманова Тараз қаласында ғылыми іссапарда болды.
Іссапар барысында Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының ғылыми қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуде орталықтың ғылыми-зерттеу қызметі, қор және архив материалдары таныстырылып, халық ауыз әдебиеті, этнография, өлкетану және тарихи мұраларға қатысты дереккөздермен жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар, халық шығармашылығының ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі жөнінде ғылыми пікір алмасу ұйымдастырылды.
Ғылыми жоба аясында өңірдің дәстүрлі қолөнерін зерттеу мақсатында жергілікті қолөнер шеберлерімен кездесулер мен сұхбаттар өткізілді. Олардың қатарында белгілі суретші, мүсінші, қолөнер шебері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қазым Аманқосов және қолөнерші Сәуле Мұсаева болды. Сұхбаттар барысында ұлттық қолөнердің қазіргі қоғамдағы маңызы, мәдени мұраны сақтаудағы орны және ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі талқыланды. Шеберлер киіз өңдеу, кестелеу, зергерлік өнер, ағаш және тері өңдеу дәстүрлері туралы құнды мәліметтермен бөлісті.
Ғылыми жоба аясында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында мекеме қызметкерлері Жамбыл облысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, өңірдегі этносаралық қатынастардың қазіргі ахуалы, қоғамдық келісім мен әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі, азаматтық бірегейлікті нығайтуға бағытталған бастамалар мен жобалар жөнінде пікір алмасу жүргізілді. Кездесу барысында қоғамдағы келісім мәдениетін қалыптастыру, этностар арасындағы өзара құрмет пен сенімді арттыру, сондай-ақ жастардың қоғамдық белсенділігін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жұмыс кездесуі ұйымдастырылып, олардың қызметі мен мәдени мұраны сақтау тәжірибесіне қатысты сұхбаттар жүргізілді. Кездесуге өзбек, поляк, күрд, татар-башқұрт және әзербайжан этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Қатысушылар этномәдени ұйымдардың өңірдегі қоғамдық келісім мен этносаралық ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі туралы пікірлерімен бөлісті. Атап көрсеткенде, өзбек орталығының ардагері Абдурахман Зайнутдинов, «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті орталығының төрағасы Лариса Калькова, күрді этномәдени бірлестігінің ардагері Абдукарим Исаевич, «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиалы төрағасы Фарида Нақыш және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері, әзербайжан этномәдени бірлестігінің өкілі Замана Исмаилова кездесуге қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.
Жүргізілген сұхбаттар мен кездесулер барысында жинақталған материалдар ғылыми жобаның зерттеу бағыттарын тереңдетуге, халық шығармашылығының қоғамдағы маңызын айқындауға және ұлттық бірегейліктің қалыптасу ерекшеліктерін жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.
Тараз қаласына жасалған ғылыми іссапар нәтижесінде халық шығармашылығының мәдени мұраны сақтаудағы, этностық және ұлттық бірегейлікті нығайтудағы, сондай-ақ қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін зерделеуге қажетті құнды материалдар жинақталды.
Сұхбат барысында жинақталған материалдар ғылыми жобаның негізгі зерттеу бағыттарын тереңдетуге, халық шығармашылығының қоғамдағы маңызын айқындауға және ұлттық бірегейліктің қалыптасу ерекшеліктерін жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.
Тараз қаласына жасалған ғылыми іссапар аясында зерттеу тақырыбына қатысты кешенді жұмыстар жүргізіліп, жоғарыда аталынған ғылыми және мәдени мекемелермен нәтижелі кездесулер ұйымдастырылды.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде халық шығармашылығының мәдени мұраны сақтаудағы, этностық және ұлттық бірегейлікті нығайтудағы, сондай-ақ қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызы туралы ғылыми тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретін материалдар жинақталды.
