
ЕҰУ студенті Айдын Жакиевке Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жетістігі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
21.09.2026 83

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ экономика және туризм жоғары мектебінің 2-курс студенті Айдын Жакиевке VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.
Айдын Жакиев тоғызқұмалақтан командалық есепте бірінші, жеке есепте екінші орын иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Ақордада өтті.
Тоғызқұмалақ жарысына 46 елден келген спортшылар қатысты. Жеке есепте 59 спортшы бақ сынады. Ал VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 109 ұлттық құрама 42 спорт түрінен өзара сынға түсті.
Айдын Жакиевті жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер тілейміз!
Бөлісу:
