
ЕҰУ-да XXII Халықаралық Еуразиялық ғылыми форум өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Еуразиялық кеңістік: өркениеттер диалогы және жаңа парадигмалар» атты XXII Халықаралық Еуразия ғылыми форумы өтті.
Аталған форумға зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, Түркия, Бурятия, Моңғолия, Беларусь, Украина және Ресей ғалымдары, Қазақстандағы ЖОО профессор-оқытушылары, докторанттар мен магистранттар қатысты.
Жиынның басталуында Лев Николаевич Гумилев ескерткішіне гүл қойылып, Л.Н. Гумилевтің музей кабинетіне экскурсия жасалды.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов өз сөзінде: “«Еуразиялық кеңістік: өркениеттер диалогы және жаңа парадигмалар» атты XXII Халықаралық Еуразия ғылыми форумы - зерттеушілерге тың ойлар мен жаңа әдіснамалық бағыттар ұсынатын маңызды ғылыми алаң болмақ”, - деп атап өтті.
Ғылыми форумның пленарлық отырысына қатысқан алаштанушы ғалым, Құрылтай депутаты, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы форум жұмысына сәттілік тіледі.
Университетіміздің Басқарма мүшесі - Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректоры Нұрбек Сапарходжаев форум жұмысына модераторлық жасады.
ҚР ҒЖБМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов, ҚР Ұлттық архивінің директоры Сагила Нурланова, «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» Ғылыми зерттеу бөлімінң бас сарапшысы Алмат Абсаликов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, т.ғ.к. Сауле Удербаева, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Құралай Сейтказина және шетелдік ғалымдар - Моңғол Ғылым Академиясының ғылыми қызметкері Золбаяр Гагааұлы (Монголия), т.ғ.к. Александр Зеленков (Ресей федерациясы) ф..ғ.к. Рафиль Асылгужин (Башқұртстан), РһD докторы Данис Гараев (Ресей федерациясы), Сельчук университетінің профессоры Мұстафа Демирчи (Түркия) тақырыпқа қатысты өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, Л.Н. Гумилевтің өзінен тікелей дәріс тыңдаған Қазақстанның белгілі кинорежиссері Талғат Теменов естелік айтты. Талғат Досымғалиұлы Лев Гумилевтің тұлғалық болмысын, ғылыми ізденістерін, Еуразия халықтарының тарихына қатысты көзқарастарын, ата-анасы Николай Гумилев пен Анна Ахматова туралы да мәлімет келтірді.
Шара барысында Орталық Азия және Еуразия кеңістігіндегі өркениеттік үдерістерді зерттеудің теориясы, әдіснамасы және тарихи тәжірибесі, Тұран әлемі, көшпелілер өркениеті және түркі өркениетінің тарихи-мәдени сабақтастығы, Жаһандық геосаясат, халықаралық қатынастар және тұрақты даму жағдайындағы интеграциялық үдерістер, Білім мен ғылымның цифрлық трансформациясы және жасанды интеллект дәуіріндегі қоғамның даму перспективалары, Еуразия кеңістігіндегі өркениеттік үдерістер, тарихи-мәдени сабақтастық, тарихи мұраны сақтау және ғылым мен білімнің цифрлық трансформациясы мәселелері талқыланды.
«Еуразиялық кеңістік: өркениеттер диалогы және жаңа парадигмалар» атты XXII Халықаралық Еуразия ғылыми форумы секциялық отырыстармен жалғастырылып, баяндамаларда көтерілген мәселелер бойынша қарар қабылданды.
Аталмыш шараның ұйымдастырылуына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы жауапты болды.
