
Әзербайжандық сарапшы ЕҰУ студенттеріне Орта дәліздің даму перспективалары туралы айтып берді

Орта дәліз - халықаралық логистиканың өзекті бағыттарының бірі әрі Қазақстан үшін маңызды көлік бағдары. Оның халықаралық тасымалдар жүйесіндегі маңызы мен даму перспективалары 19 қарашада Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен қонақ онлайн-дәрісінде талқыланды.
Дәріс «Халықаралық тасымалдар логистикасы» пәні аясында өтіп, «Орта дәліз: халықаралық көлік маршруттарын дамытудың жаңа мүмкіндіктері мен перспективалары» тақырыбына арналды. Кездесуді «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» кафедрасының оқытушысы, магистр Альбина Салауатқызы Ермұханова ұйымдастырды.
Қонақ сарапшы Әли Ибадов болды. Ол — халықаралық логистика саласының маманы, Әзербайжаннан келген және Hellmann Worldwide Logistics компаниясының сату жөніндегі менеджері. Ол халықаралық тасымалдардағы Орта дәліздің маңызы мен оны дамытудың перспективалары туралы айтып, мультимодальды көлік шешімдері мен жеткізу тізбектерін басқару саласындағы кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Дәріске «Логистика» және «ОПДиЭТ» мамандықтарының бітіруші курс студенттері қатысты. Баяндамадан кейін пікірталас өтіп, студенттер сарапшыға сұрақтар қойып, халықаралық логистиканың практикалық мәселелерін талқылады. Ашық форматтағы кездесу студенттерге сала өкілімен тікелей пікір алмасып, пән бойынша алған білімдерін кәсіби тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берді.
«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасы Әзербайжаннан келген сарапшы Али Ибадовқа мазмұнды баяндамасы, ашық кәсіби диалогы және студенттердің сұрақтарына жан-жақты жауап бергені үшін шынайы алғыс білдіреді.
