
Ратбай Мырзакулов
Туған күні, айы-жылы: 01.02.1954
Кәсіби тәжірибесі:
2007 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, профессор, «Жалпы және теориялық физика» кафедрасының меңгерушісі;
2006–2007 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «Математикалық модельдеу әдістері» кафедрасының профессоры;
2006 жылғы маусымнан қазіргі уақытқа дейін – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Еуразиялық халықаралық теориялық физика орталығының директоры.
Марапаттары мен сыйлықтары
1. Ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2017 ж.);
2. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік зерттеу үшін Қ. Сәтбаев атындағы сыйлықтың екі мәрте лауреаты (2010 ж., 2016 ж.);
3. Thomson Reuters (Web of Science) деректері бойынша жоғары ғылымиметриялық көрсеткіштері үшін «Орталық Азия ғылымының көшбасшысы» тәуелсіз сыйлығының лауреаты (2015 ж.);
4. Орталық Азия бойынша «Top Author Springer» сыйлығымен екі рет марапатталған (2015 ж., 2016 ж.);
5. Ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның алты мәрте иегері (2004–2006 жж., 2008–2010 жж., 2012–2013 жж., 2013–2014 жж., 2015 ж., 2016 ж.);
6. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері (2010 ж.);
7. Калифорния университетінде (АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған «Болашақ» грантының иегері (2010–2011 жж.);
8. ҚР БҒМ-нің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған (2014 ж);
9. Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж.);
10. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж.);
11. «ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016 ж.).
Ғылыми дәрежесі: Физика-математика ғылымдарының докторы
Ғылыми атағы: профессор, 01.04.02 – теориялық физика, 2002 ж.
Ғылыми мектебі: С.М. Киров атындағы ҚазМУ (Алматы), 1972–1979 жж.; Біріккен ядролық зерттеулер институты (Дубна, Ресей), аспирантура, 1984–1988 жж.
Ғылыми қызығушылықтары: Сызықтық емес математика, физика және биофизика, геометрия және топология, солитондар мен ішектер теориясы, гравитация және космология
Ғылыми гранттар
1. NATO және INTAS гранттарының иегері;
2. Гравитацияның кеңейтілген теориясы үшін динамикалық үдерістерді зерттеу және термодинамиканың негізгі заңдарын жалпылау
3. Солитондар теориясы негізінде күшті гравитациялық өрістердің сызықтық емес қасиеттерін зерттеу
4. Инфляция мен қараңғы энергияның модификацияланған космологиялық теориялары
5. Біртекті емес тұтқыр сұйықтық аясындағы ірі ауқымды құрылымның динамикалық эволюциясын зерттеу
6. Гравитациялық және күшті өзара әрекеттесулердің сызықтық емес теорияларының кейбір мәселелері және олардың космологияда қолданылуы
Оқытатын пәндері:
Релятивистік астрофизика (Б), интегралданатын сызықтық емес жүйелер теориясының қосымша тараулары (Д)
Таңдаулы жарияланымдар
1. Myrzakulov R. Accelerating universe from F(T) gravity. European Physical Journal C, v. 71, No. 9, 1752 (2011). [Impact factor = 5.331];
2. Myrzakulov R. FRW Cosmology in F(R,T) Gravity. European Physical Journal C, v. 72, No. 11, 2203 (2012). [Impact factor = 5.331];
3. Myrzakulov R. Knot Universes in Bianchi Type I Cosmology. Advances in High Energy Physics, v. 2012, 868203 (2012). [Impact factor = 1.740];
4. Myrzakulov R. Cosmology of F(T) gravity and k-essence. Entropy, v. 14, No. 9, 1627–1651 (2012). [Impact factor = 1.821];
5. Myrzakulov R. F(T) gravity and k-essence. General Relativity and Gravitation, v. 44, No. 12, 3059–3080 (2012). [Impact factor = 1

