
Жұртбай Тұрсын Құдакелдiұлы
ЖҰРТБАЙ Тұрсын Құдакелдiұлы 1951 жылғы 15 тамызда Семей (қазiргi Шығыс Қазақстан) облысы Абай ауданының Шаған ауылында туған.
Қызметтік өмір кезеңдері:
1958-1964 жылдары Қызылтастыбұлақ, Екіаша, Башкөл (Бесқарағай ауданы) бастауыш және орталау мектептерінде оқыған.
1964 жылы әкесі Құдакелді Жұртбайұлымен бірге Дегелең атом полигонында тұрды.
1964-1968 жылдары Абай ауданының Шаған ауылындағы Кеңес Одағының Батыры Ж.Молдағалиев атындағы орта мектепте оқып, бітірді.
1968-1969 жылдары Абай ауданына қарасты «Қызылту» кеңшарының №3 бөлімшесінде бухгалтер-есепші болды.
1969-1974 жылдары қазiргi Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнде оқып, бітірді.
1974-1976 жылдары Алматы облыстық "Жетiсу” газетiнің тілшісі.
1976-1980 жылдары “Бiлiм және еңбек” (қазiргi “Зерде”) журналының әдеби қызметкерi, редакция меңгерушiсi.
1979-1980 жылдары одақтық ғылыми-көпшiлiк “Техника молодежи” журналының Қазақстандағы тiлшiсi мiндетiн қоса атқарды.
1980-1990 жылдары “Жұлдыз” журналының сын бөлімінің әдеби қызметкері, содан кейін ретімен: поэзия, очерк және публицистика, сын, проза, бөлiмдерiнiң меңгерушiсi (1998 жылға дейін еңбек шартымен бас редактордың кеңесшісі).
1982-1992 жылдар аралығында СССР Жазушылар Одағының Сын кеңесiнiң мүшесi болды.
1984-1998 жылдары «Жұлдыз» журналының редакция алқасының мүшесі.
1984-2021 жылдар аралығында Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма мүшесі.
1984 жылы Москвада өткен жас жазушылардың Бүкілодақтық кеңесіне қатысты.
1987-1991 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының жанындағы Праволық комиссияның төрағасы (қоғамдық негізде).
1990-1992 жылдары ҰҒА-ның ұсынысымен М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының М.Әуезов мұраларын зерттеу бөлiмiне (мұражай-үйiне) аға ғылыми қызметкерлікке шақырылды.
1990-1991 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетiнде дәріс оқыды.
1991-1996 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының жанындағы Сыншылар мен әдебиет зерттеушiлерi Ассоцациясының президентi (қоғамдық негізде).
1991-2001 жылдары Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетiнiң филология және журналистика факультеттерiнiң аға оқытушысы.
1992-1996 жылдары М.Әуезов мұраларын зерттеу бөлiмiнiң (мұражай-үйiнiң меңгерушiсi.
1992-1997 жылдар аралығында М.О.Әуезов Халықаралық қайырымдылық қорының президентi;
1992-1998 «Ақиқат» журналының ғылыми кеңесшісі қызметін үйлестіре атқарды.
1996-1998 жылдары ҚР ҰҒА-ның “М.Әуезов үйi” Ғылыми-мәдени орталығының директоры.
1998-2001 жылдары Әдебиет және өнер институтының докторанты, аға ғылыми қызметкерi.
1999-2001 жылдары “Қазақ газеттерi” ашық акционерлік қоғамының ғылыми кеңесшi редакторы қызметтерiн үйлестiре атқарды.
2001-2018 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің жанындағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры.
2018 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң жанындағы “Отырар кiтапханасы” ғылыми орталығының Бас ғылыми қызметкері.
2006, 2008 (наурыз – шілде айлары аралығында) және 2013, 2018 (қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында) жылдары Пекиндегі Орталық Мемлекеттік Ұлттар университетінде қазақ мәдениетінің тарихы, қазақ әдебиетінің тарихы, шығармашылық психологиясы, абайтану, әуезовтану дәрістері бойынша дәріс берді.
2001-2011 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы докторлық диссертация қорғау жөніндегі мамандандырылған ғылыми Кеңестің мүшесі болды.
Ғылыми атақ-лауазымдары:
1992 жылы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының мамандандырылған ғылыми Кеңесінде «Бейуақ» монографиясының негізінде «М.Әуезовтің «Қилы заман» және «Қараш-Қараш» повестеріндегі тарихи және көркемдік шындық» атты тақырыпта дайындалған авторефераттық баяндамасының негізінде (ғылыми жетекші – филология ғылымдарының докторы, профессор М.Мырзахметов) филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
2000 жылы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының мамандандырылған ғылыми Кеңесінде «Бесігіңді түзе!..» монографиясының негізінде «М.Әуезовтің шығармашылық өмірі мен көркемдік әлемі» деген тақырыпта филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация (ғылыми кеңесші – ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.С.Қирабаев) қорғады.
2001 жылы ЖАК-тың шешімімен «Әдебиеттану» мамандығы бойынша «доцент»;
2001 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғылыми Кеңесінің шешімімен «Еуразия Ұлттық университетінің профессоры»;
2002 жылы ЖАК-тың шешімімен «Әдебиеттану» мамандығы бойынша «профессор»;
2010 жылы Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайланды.
Пекин Мемлекеттік Орталық Ұлттар университетінің (Пекин, 2013), Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінің (2011) құрметті профессоры.
Шығармашылық жетістіктері үшін:
1992 жылы «Бейуақ» монографиясына Қазақстан Жазушылар одағының Ш.Құдайбердiұлы атындағы халықаралық “Алаш” сыйлығы;
1995 жылы екі томдық «Дулыға» тарихи әфсанасына I.Жансүгiров атындағы республикалық әдеби сыйлығы;
2010 жылы түрік дүниесі мәдениеті мен ғылымын насихаттағаны үшін мемлекетаралық «Түріксой» қауымдастығының сыйлығы – берілді.
1999, 2000, 2020 ж.ж. Қазақстан Республикасы Президентінің әдебиет пен мәдениет саласындағы стипендиаты.
Марапаттары:
1996 жылы екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтқаны үшін Пакистан Республикасын Президентінің Құрмет Грамотасымен;
1997 жылы мәдени байланыстарды нығайтқаны үшін ЮНЕСКО-ның Құрмет Грамотасымен;
2001 жылы (тамыз) «Қазақстан ғылымына сіңірген зор еңбегі үшін» Құрмет белгісімен;
2001 жылы (желтоқсан) ҚР Ғылым және Білім министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан зор үлесі үшін» Грамотасымен;
2001 жылы (желтоқсан) «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен;
2004 жылы Ресейдің Муниципальдық академиясының Төралқасының шешімімен «М.Шолоховтың туғанына 100 жыл» ескерткіш медалімен;
2007 жылы «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен;
2007 жылы Жоғары оқу орындары Ассосациясының А.Байтұрсынов атындағы саңлақ авторларға берілетін «Алтын медалімен» ;
2011 және 2018 жылдары «Үздік ғылыми жетістігі мен сіңірген еңбегі үшін» Күлтегін» төсбелгісімен;
2011 жылы (желтоқсан) «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен;
2011 жылы Жоғары оқу орындары Ассосациясының А.Байтұрсынов атындағы саңлақ авторларға берілетін « Күміс медалімен»;
2017 жылы «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен;
2020 жылы «Түріксой» қауымдастығының халықаралық «Абай медалімен» – марапатталды.
Абай (бұрынғы Шығыс Қазақстан) облысы Абай (2001) және Үржар (2017) аудандарының «Құрметті азаматы».
Қаңтар. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Т.Қ.Жұртбайдың Алаштану дәрісханасы» ашылды Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті (Семей).
Мемлекеттік марапат
2015 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» – атағы берілді.
«Парасат» орденімен марапатталды.
2026 жылы. Бірінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
134 көркем, ғылыми көпшілік, ғылыми монографиялық кітаптардың авторы.

