
Жарқынбекова Шолпан Құзарқызы
Өмірбаян
1963 жылы 5 қыркүйекте Жамбыл қаласында дүниеге келген. 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірді. Ғылыми-педагогикалық қызметі 1985 жылдың қыркүйегінде С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың орыс тілі кафедрасында басталды. 1987 жылдың қыркүйегінен 1990 жылға дейін – аспирантурада оқумен қатар жұмысты үйлестірді. 1994 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.
2001 жылдан 2003 жылға дейін – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің жалпы тілтану кафедрасының докторанты (ғылыми жетекші – филол. ғылымдарының докторы, профессор Сүлейменова Э.Д.). 2004 жылы докторлық диссертациясын қорғады.
2004 жылдың күзінен бастап – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің орыс тілтануы кафедрасының профессоры. 2005 жылдың тамызынан бастап – тарихи-филология факультетінің деканы, 2009 жылдың ақпанынан 2019 жылдың тамызына дейін – осы университеттің филология факультетінің деканы болдым. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап – теориялық және қолданбалы тілтану кафедрасының профессоры.
Оқу орындары, жұмыс орындары, қызметтері
1985-2004 жж. - Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушісі, доценті, профессоры
2005-2019 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы
2019 ж. – теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының профессоры
2025 ж - қазіргі уақытқа дейін теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының профессор-зерттеуші
Ғылыми гранттар:
- «Қазақстан Республикасының ұлттық және тіл саясатын іске асыру факторы ретінде қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру қағидаттарын әзірлеу» (2012-2014 ж.).
- «Тіл менеджменті тіл саясаты мен көптілді мегаполистің тілдік жоспарлауының тиімді нысаны ретінде (Астана қаласының мысалында)» (2012-2014).
- Қазақстанның көпмәдениетті кеңістігіндегі тілдердің жұмыс істеуі: динамикалық үрдістер, ықтимал тәуекелдер мен перспективалар» (2015-2017).
- Қазақ ономастикалық кеңістігін қалыптастыру жағдайында Астана қаласының ғылыми негізделген номинациялық саясатының қағидаттарын әзірлеу» (2015-2017 жж.).
- «Қазақстан Республикасындағы көптілді білім беру жағдайында жаңа типті кәсіби көптілді тұлғаны қалыптастыру» (2018-2020 ж.)
- «Қазақ академиялық дискурсындағы лингвистикалық стратегиялар» (2021 ж.)
- «Қазақстандық жастардың ұжымдық тұлғасын қалыптастыру тетіктері: социолингвистикалық және дискурсивтік тәсілдер» (2022-2024)
Негізгі жарияланымдар:
Филология ғылымдарының докторы, профессор
400-ден астам жарияланған еңбектері бар, оның ішінде 10 монография, 10 оқу құралы, әдістемелік нұсқаулар мен әзірлемелер бар. Хирша индексі – 9
Scopus және WoS халықаралық рецензияланатын журналдарындағы мақалалар:
1) Zharkynbekova Sh., Ayupovа G., Galiyeva B., Shakhputova Z., Zabrodskaja A. Ethno-Linguistic Identity of Kazakhstani Student Youth in Modern Multinational Context of Kazakhstan (Sociolinguistic Analysis of Empirical Research) // Languages, 10(2), 33, 2025 https://doi.org/10.3390/languages10020033
2) Жаркынбекова Ш.К., Чернявская В.Е. Языковое и социальное конструирование идентичности национального университета: на материале миссий российских и казахстанских университетов // Вестник СПбГУ. Язык и литература. 2019. № 2 (15). 304-319 https://doi.org/10.21638/spbu09.2019.210.
3) Жаркынбекова Ш.К., Байбатырова А.А. Выражение авторской позиции в научных статьях: метадискурсивные стратегии создания межличностных отношений // Вестник СПбГУ. – Язык и литература. – .2019.- Т. 16. – Вып. 2. – С. 188-213 (в соавт. с А.А. Байбатыровой) ISSN 2541-9358 https://doi.org/10.21638/spbu09203 (WoS)
4) Zharkynbekova Sh. Semantic Field of `Wish/Desire' in the Tatar Language // Tarih kultur ve sanat arastirmalari // Dergisi Journal of History culture and Art research. Том: 6.Выпуск: 6.- С. 117-124 (ISSN:2147-0626 doi:http://dx.doi.org/10.7596 /taksad.v6i6.1329 (Shamsutdinov Rustam; Mukharlyamova, Liliya).
5) Zharkynbekova, S., Shakhputova, Z., Galiyeva, B. Value Priorities of Student Youth in the Multi-Ethnic Space of Kazakhstan and Their Influence on Intercultural Communications //Journalism and Media 2025, 6(1), 32; https://doi.org/10.3390/journalmedia6010032
6) Dalbergenova, L., Zharkynbekova, S. Evidentialität als argumentative Funktion am Beispiel des Deutschen, Russischen und Kasachischen // Zeitschrift fur Slawistikthis, 2020, 65(1), стр. 134–144
7) Жаркынбекова Ш.К., Логинова М.В. Лингвокультурный типаж «студент»: нарративное измерение // Вестн. Том. гос. ун-та. Филология. 2021. № 70. DOI: 10.17223/19986645/70/3 (SCOPUS) С. 27-49. http://journals.tsu.ru/philology/&journal_page=archive&id=2066
8) Жаркынбекова Ш.К., Чернявская В.Е. Казахско-русская билингвальная практика: смешение кода как ресурс в коммуникативном взаимодействии // Вестник Российского университета дружбы народов. Серия: Теория языка. Семиотика. Семантика. 2022. Т. 13. No 2. С. 468—482. https://doi.org/10.22363/2313-2299-2022-13-2-468-482
9) Жаркынбекова Ш.К., Чернявская В.Е. Казахско-русское смешение кода: метакоммуникативная перспектива. Вестник Санкт-Петерб. Ун-та. Язык и литература. 2022, 19 (4): 780–798. https://doi.org/10.21638/spbu09.2022.408
10) Zharkynbekova, S., Aimoldina, A. The Impact of Socio-cultural Context on Composing Business Letters in Modern Kazakhstani Business Community: A cross-cultural Study // Journal of Intercultural Communication Research, 2023, 52(1), pp. 56–78 https://doi.org/10.1080/17475759.2022.2124304
11) Zharkynbekova, S., Абайділда Ә.The New Challenges of Kazakhstan’s Education System: Distance Learning and the Student Environment Journal of Siberian Federal University. Humanities & Social Sciences 2023 16(1): 133–150
Марапаттары:
«Үздік жоғары оқу орнының оқытушысы» мемлекеттік грантының (2005, 2011), Президенттік «Болашақ» стипендиясының (2010) иегері. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен (2008), «Қазақстан Республикасының ғылымына қосқан үлесі үшін» белгісімен (2009) марапатталған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеулер мен еңбектер үшін 2019 жылғы Ы. Алтынсарин атындағы атаулы сыйлығының иегері. Мемлекеттік ғылыми стипендияның (2012, 2014, 2021) және «Үздік ғылыми қызметкер – 2021» сыйлығының иегері.
Шығыс Англия университетінде (Ұлыбритания, 2009), Висконсин-Мэдисон университетінде (АҚШ, 2010), Ханкук университетінде (Корея, 2016), Дрезден техникалық университетінде (Германия, 2018), Масарик университетінде (Чехия, 2019) ғылыми тағылымдамалардан өткен.
Санкт-Петербург политехникалық ғылыми-зерттеу университетінде (2022–2024), РУДН-да (2025) шетелдік лектор қызметін атқарған. Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің (РФ, Санкт-Петербург) диссертациялық кеңесінің мүшесі.

